Өскемендегі мейрамханалардың бірінде 92 мың теңгенің тамағын ішкен жігіт ақысын төлемей кеткен. 26 жастағы тұрғын көп өтпей қолға түсті. Кінәсін толықтай мойындап отыр.
"Кеше Ертіс полиция бөліміне 28 жастағы мейрамхана әкімшісі арызданды. Күдікті 12 қазан күні мейрамханадан 92 мың теңгенің тамағын ішіп, төлемей кеткен. Жедел іздестіру жұмыстарының арқасында 26 жастағы тұрғын ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 195-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу