Осы уақытта 93 блогерге жіберілген 169 хабарлама кері қайтарылған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
– 2025 жылғы 19 ақпанда 594 блогерге жіберілген 53,3 млрд теңгенің 1 014 салық хабарламаның ішінде жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарлама кері қайтарылды. Оның себебі, хабарламаны жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақау шықты, – деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Осылайша, кірістер комитеті блогерлерге жіберген салық хабарламасын қайта қарауда.
Бұған дейін елдегі 600-ге жуық блогердің 53,3 млрд теңге кірісін жасырғанын және олардың аталған хабарлама келгенде таңғалып һәм "ақталып" жатқанын жазған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу