Қазақстан алаяқтардың ақша аударымдарын бақылап, бұғаттай бастады

312

Елімізде интернет-алаяқтықтан келген шығын көлемі артып, жаңа антифрод-орталық алаяқтарға жасалған ақша аударымдарын бұғаттауды бастады.

Қазақстан алаяқтардың ақша аударымдарын бақылап, бұғаттай бастады Фото: www.gov.kz

Былтыр бұл орталық 967 миллион теңгені үнемдеп қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ұлттық банк құрған мәлімет алмасу орталығы күдікті аударымдарды анықтап, оларды бақылады.

Осылайша, жіберуші және қабылдаушы банктер арқылы бұғаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылдың желтоқсанына дейін орталық 11,7 мың алаяқтық әрекетті тіркеді, олардың 65,5%-ы құқық қорғау органдарының араласуымен анықталды.

Алаяқтар орталықтың қызметкерлері ретінде өзін таныстырып, жеке мәліметтерді алу немесе күдікті сілтемелерге өтуге шақырып алдауды ұйымдастырады.

"Антифрод-орталық мәліметтерінше, тіркелген алаяқтық әрекеттердің негізгі бөлігін телефон арқылы алдау (25,5%) болған. Екінші орында – жалған инвестиция ұсыныстары (18,9%). Үшінші орында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық (17,6%). Сондай-ақ, жалған тауар сату, фишингтік сайттар және басқа әдістер арқылы жасалған қылмыстар да тіркелген", – делінген жазбада.

2023 жылы интернет-алаяқтар қазақстандықтардан 11,4 миллиард теңге ұрлаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есе көп.

Соның ішінде жеке тұлғалардан 11 миллард теңге, заңды тұлғалардан 385 миллион теңге, мемлекеттік ұйымдардан 8,4 миллион теңге алынған. Қайтарылған қаражат көлемі 36,6% болған. Ал қалған қаражат қайтарылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу