Абай облысында өрт сөндіруші қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты

1577

Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев 36 жаста еді. Артында әйелі мен 5 баласы қалды.

Абай облысында өрт сөндіруші қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты

Абай облысында өрт сөндіруші қайтыс болды. Тағы бірнеше маман ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 қыркүйекте болған. Абай облысы Жарма ауданының Бозжыра ауылдық округі Бірінші ауылының учаскесінде құрғақ шөп жанып, шақыру орнына №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілген. Өрт сөндіру кезінде жел тұрып, су таситын техника өртке оранған.

"Техникаға арналған эвакуациялау жолдары барлық жағынан отқа оранып, биіктігі екі метр қараған ағашы өртенді. Өрт сөндірушілер жағдайды бағалап, өрт-техникалық қару-жарақты жинауды тоқтатып, шұғыл эвакуациялауға кірісті. Автоцистерна мен КАМАЗ су тасымалдаушы көлігі толығымен жанып кетті. Нәтижесінде, өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков пен өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев, өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрлан Салимжан түрлі дәрежедегі күйік алып, Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасына жатқызылды", – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өрт 500 га аумақты күлге айналдырып, 8 қыркүйек күні кешке қарай толық сөндірілген.

"Айдос қатты күйік алып, жарақатынан ауруханада көз жұмды. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасына ұсынылды", – дейді министрліктен.

Елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезінде өртке қарсы және құтқару қызметтерінің 65 қызметкері қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу