Адам денсаулығына медицинаның көмегі 10 пайыз ғана

1506

Адам денсаулығына медицинаның көмегі 10 пайыз ғана

Құнарсыз тамақ пен қозғалыссыз өмір адамдарды дертке шалдықтырып, көбісінің омыртқасы ауыра бастады. Ақтөбе медициналық орталығы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Ержан Узганов қаланың емес, ауыл баласының шымыр екенін, дертке шалдыққан адамдардың әлі де болса емшіге сеніп, уақыт өткізетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жаңа ауруханада алғаш рет омыртқаға, жұлын, бас-ми ісігіне операциялар жасала бастады. Жарылып, орнынан қозғалып кеткен омыртқаны қалпына келтіру, бұранмен бекіту, пышақ қолданбай омыртқалардың ортасына ине кіргізіп, "цемент" құю, омыртқа жарығын алып, аралық дискіні ауыстыру секілді барлығы алты түрлі ота өңірде алғаш жасалды. Қазір адамдар арасында омыртқа ауруы жиілеп кетті. Остеохондроз, омыртқа жарығы сияқты асқорытуға байланысты ауру түрлері өршіді. Шынын айтқанда медицинаның көмегі 10 пайыз ғана. Қалған 90 пайызы адамның өз қолында. Омыртқа дертіне шалдықпас үшін дене шынықтыру керек. Сүйектің мықты болуы тамағымыздың құнарына да байланысты. Қазір бәрі жалқау, қимылдамайды, компьютерден түспейді, балалар бұрынғыдай ойнамайды. Ата-аналар белің ауырып қалады деп балаларға қара жұмыс істетпейді. Ауыл мен қала баласын салыстырыңыз, ауыл балалары шымыр болып келеді",- дейді Ержан Узганов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу