Адам ұрламақ болғандар сотталды

959

Жарты жылға созылған сот процесінде айыпталушының бірі 13 жылға, екіншісі 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды.   

Адам ұрламақ болғандар сотталды

Адам ұрлап, ақша бопсаламақ болған кәсіпкер мен оның жұмыскері ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды Atameken Business.   

Өткен жылы күзде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметовтің Павлодарда тұратын қарындасы Гүлфаз Аубановаға қарақшылық шабуыл жасалды. 61 жастағы әйелді үйінің жанында белгісіз біреулер машинаға күштеп салып, алып кетпек болған. Әйтсе де, сол кезде Аубанова қарақшылардың қолынан сытылып кетеді. Кейін екі күдікті қолға түсті.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, бір компанияның басшысы банкке қарыз 360 млн теңгесін өтеу үшін, өзінің күзетшісімен бірлесіп адам ұрлап, 200 млн теңге бопсаламақ болады.  Алайда, бұл жымысқы әрекеттері жүзеге аспай қалды. Сотталған екеу енді жәбірленушіге 6 миллион теңге көлемінде моралдық шығын да төлейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу