Әділбек Сәрсембаев "Қазақстан инжинирингтің" Басқарма төрағасы болып тағайындалды

602

Мұндай шешімді компанияның Директорлар кеңесі қабылдады.

Әділбек Сәрсембаев "Қазақстан инжинирингтің" Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы 1978 жылы 25 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген.

1996 жылдан бастап салық инспекторы, бөлім бастығы, "Континент" құқықтық консалтинг және кәсіпкерлік бастаманың мамандандырылған орталығы" ЖШС президенті, "Астана қаласын дамыту бағдарламаларын әкімшілендіру жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2001 жылдан 2006 жылға дейін-Астана қаласы әкімі аппаратында, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2006 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2007-2009 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2009 жылдан 2010 жылға дейін – "МТМ-агросервис" ЖШС бас директоры.

2010 жылдан 2014 жылға дейін – "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015 жылдан 2016 жылға дейін – "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2016 жылдан 2020 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданының әкімі қызметін атқарды.

 

Фото: astana-akshamy.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу