Жангелді Сүлейманов қор басшылығын қазына қаражатын жөнсіз шашты деп айтыптап отыр. Заңгер фейсбуктегі жеке парақшасында салымшылардың зейнетақы жинақтарына сапасыз аудит жүргізілді деп жазды. "Делойт" компаниясы жасаған тексеріс кезінде бухгалтерлік есептердің дұрыстығы мен бухгалтерлік баланс мүлде аудиттелмеген. Бірақ, олқылықтарды ескермей зейнетақы қоры "Делойтқа" уәделі 15-17 миллион теңгені төлеген дейді адвокат.
Оның айтуынша, егер сот арызды қанағаттандырса, мұндай тексерісті қабылдаған басшылар бюджет ақшасын ысырап еткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ал "Делойт"-тың аудиторлық қызмет жүргізу лицензиясынан айырылуы ғажап емес. Осыдан екі күн бұрын Алматыда істі қарауға дайындық отырысы өткен. Алайда, қор өкілдері төбе көрсетпеген.