Африкада COVID-19 ауруына шалдығу көрсеткіші 53%-ға өсті – ДДСҰ

835

Әлемде бір апта ішінде 4,1 миллионнан астам адамның ауруға шалдыққаны анықталды.

Африкада COVID-19 ауруына шалдығу көрсеткіші 53%-ға өсті – ДДСҰ

Африкада COVID-19 таралуы алдыңғы аптамен салыстырғанда 53%-ға артты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сілтеме жасап. 

13-19 желтоқсан аралығында құрлықтың батыс жағындағы елдерде инфекциялар саны 12%-ға өсті. Әлем бойынша дертке шалдығу көрсеткіші өзгерген жоқ.

Коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші Африкада 15%-ға артса, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, керісінше, бұл көрсеткіш 15%-ға төмендеді. 

Әлемде бір апта ішінде 4,1 миллионнан астам адамның ауруға шалдыққаны анықталды.

Пандемия басталғалы коронавирусты 273 миллион адам жұқтырып, аурудың асқынуы салдарынан 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу