Аида Балаева шығармашылық адамдарына қатысты салық жеңілдетілетінін айтты

345

40 қызмет түрі арнайы бөлшек салық режиміне өтті.

Аида Балаева шығармашылық адамдарына қатысты салық жеңілдетілетінін айтты Фото: Inbusiness.kz

Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева шығармашылық адамдары енді  бірыңғай салықты ғана төлейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Министр мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірге кешенді жұмыс жүргізгендерін мәлімдеді.

Оның айтуынша, негізгі мақсат шығармашылық субъектілеріне салықты жеңілдету болған.

"Осы кешенді жұмыстың нәтижесінде Үкімет (ҚР ҮҚ #1240 29.12.2023ж.) қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес 40 қызмет түрі арнайы бөлшек салық режиміне өтті. Бұл дегеніміз бизнес КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылғанын білдіреді. Аталған қызмет түрлерімен айналысатын субъектілер енді  бірыңғай салықты ғана төлейді. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін 2%-дан 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін болады. Тек компанияның жылдық айналымы 2,2 миллиард теңгеден аспауы, ал штатта 200 адамнан көп болмауы қажет", - деді Балаева.

Салықты жеңілдету кино, бейнеконтент пен телебағдарламаларды өндіруге және одан кейінгі өндіріске, музыкалық шығармаларға дыбыс жазу мен басып шығаруға, театр және музей өнеріне, сәулет және дизайнға, қолөнер бұйымдарына, халық шығармашылығына және кәдесыйлар өндірісіне әсер етеді.

"Осы қолдау шарасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибені мұқият талдағанымызды атап өткім келеді. Ең озық елдердің (Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея) тәжірибесі креативті индустрияны дамыту үшін салықты  жеңілдетуге ерекше мән беру керектігін көрсетеді", - деді министр.

Сондай-ақ ол аталған жұмыс саланы ауқымды дамытуға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу