AirlineRatings әлемнің ең үздік әуе компанияларын атады

1271

AirlineRatings әлемнің ең үздік әуе компанияларын атады

AirlineRatings порталы әлемнің ең үздік әуе компанияларын анықтады. Үздік ондықтың көшін Жаңа Зеландияның  Air New Zealand компаниясы бастаса, екінші орынды Австралияның ең ірі әуе компаниясы Qantas Airways еншілепті. Ал үшінші орынға Сингапурлық Singapore Airlines, төртінші орынға Гонконгтық Cathay Pacific Airways тұрақтаса, бесінші орынды Virgin Australia мен Virgin Atlantic бөліскен, деп жазды reactor.inform.kz.

Сондай-ақ үздіктер қатарында British Airways (Ұлыбритания), Etihad Airways (БАӘ), All Nippon Airways (Жапония) Eva Air (Тайвань), Lufthansa (Германия) компаниялары бар.

Барлық қатысушылар AirlineRatings сарапшылары құрастырған қауіпсіздік шкаласы бойынша бағаланған. Сонымен қатар, сарапшылар клиенттерге қызмет көрсету сапасын, инновациялық жобалар мен компания қызметкерлерінің жұмысына қызығушылығын ескерген.  

AirlineRatings порталының негізі 2013 жылы қаланған. Ол жыл сайын тасымалдаушылардың халықаралық рейтингін жариялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу