Айнұр Қуатова "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басшысы болып сайланды

660

Мемлекеттік қызметте және корпоративтік басқару саласында жиырма жылдан астам өтілі бар.

Айнұр Қуатова "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басшысы болып сайланды

Жалғыз акционері болып табылатын "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның шешімімен "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ ("ҚКМ" АҚ) Басқармасының төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Айнұр Сайынқызы Куатова сайланды, деп хабарлайды "Бәйтеректің" баспасөз қызметі.

 Ұжымға "ҚKM" АҚ жаңа басшысын "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов таныстырды.

Айдар Әріпханов жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, қорларды әрі қарай дамытуды және жобалар қоржынын кеңейту бойынша міндеттерді қойды.

А. Куатова 2016 жылдың шілдесінен бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарушы директоры лауазымын атқарған, инвесторлармен жұмыс жасау, жобаларды қаржыландыру және мемлекеттік-жеке әріптестік, экспортты қолдау мәселелеріне жетекшілік еткен.

Мемлекеттік қызметте және корпоративтік басқару саласында жиырма жылдан астам өтілі бар.

2014-2015 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасының Стратегия және бизнесті трансформациялау жөніндегі орынбасары және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

1995 – 2013 жж. – "Казинтербанк" ЖАҚ-да аға маман, "Қазақойл" ҰК Қарашығанақ департаментінің бас қаржы менеджері, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде бөлім бастығы, "Коноко Филлипс Қазақстан" ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі менеджер, "Ланкастер Инвест" АҚ вице-президенті, "KMK Mұнай" АҚ бизнесті дамыту және маркетинг жөніндегі директоры, "Карповский Северный" АҚ президенті, Қоршаған орта және су ресурстары министрінің кеңесшісі.

Лондондағы Middlesex University және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

"ҚKM" АҚ бұрынғы басшысы Ардақ Қасымбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу