Көшбасшылар тізіміне 6 компания кірген. Атап айтқанда, тасымалдау, техникалық қызмет көрсету, көмір және өсімдік майын өндіруші кәсіпорындар бар, деп хабарлайды Atameken Business.
2019 жылдың қорытындысы бойынша, басшысы ең көп сыйақы алған компания – көмір өндіруші "Қаражыра" кәсіпорны екен. Оның бас директоры Марғұлан Мәкішевтың жалақысы бір жылда 11 пайызға өсіп, 52 млн теңгені құраған. Ол айына 4,5 млн теңге айлық алады.
Өсімдік майын шығаратын "Шымкентмай" жетекшісі Данияр Адырбеков болса, айына 2 млн табыс тапса, бір жылда 24 млн теңге жалақы алған.
Үштікті "811-ші Автожөндеу зауытының" басшысы Ержан Кәрімов қорытындылады. Оның жылдық жалақысы 12 млн теңгенің төңірегінде екен.