Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген Айбар Жанболат 14 жылға сотталды

Марқұмның күйеуі кешегі сотта соңғы сөзін айтқан еді. 

Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген Айбар Жанболат 14 жылға сотталды Фото: smartnews.kz

Осылайша, былтыр Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованы өлтірген күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Жанболат медициналық көмек көрсетпеген және жасалған ауыр қылмысты жасыру мақсатында Айзатты бірнеше сағаттан кейін, түнгі шамамен 2:30-да ғана ауруханаға жеткізген, – деп көрсетілген айыптау актісінде. 

Тергеу деректеріне сай, 33 жастағы ер адам мас күйінде өз үйінің маңында әйелін аяусыз ұрып-соққан. Айзат есінен танса да, күдікті оны ұруын жалғастырған. 

Әуелгіде бұл іс "абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабымен тіркелгенімен, мәйітті эксгумациялап, қосымша сараптама жүргізілгеннен соң іс "адам өлтіру" бабына ауысты. 

Сот процесі басталғанда А.Жұманованың туыстары марқұмның жүкті болуы мүмкін екенін және мәйітханадан алған кезде оның денесінде атқа байлап сүйрегендей іздер болғанын жеткізген-ді. Бірақ, Тахир Халимназаров сотта бұл екі нұсқаны растамады. 

Бұған дейін марқұм Айзат Жұманованың күйеуі 15 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу