Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz .
Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті қызметінен кетті.
Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды
"Құрметті достар, осы жазбамда талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" АҚ президенті ретіндегі қажырлы, бастысы және жемісті қызметі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аты аңызға айналған киностудия басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның шығармашылық жолында да кино өнерінің дамуына септігін тигізетін серпінді жобалар әкелетініне сенімдімін", – деп жазды Дәурен Абаев Facebook-парақшасында.
Айта кетсек, Ақан Сатаев 2020 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалған еді.