"Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және "Охотзоопром" РМҚК өкілдері бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде браконьерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды Atameken Business.
16 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 17.47 шамасында Қармақшы ауданынан 15 шақырым жерде орналасқан "Тышқантам" аймағында "Ланд Крузер ЛХ76" маркалы қызметтік автокөлік тоқтатылған. Автокөліктерді сырттай қарау кезінде артқы бамперде қан іздері байқалып, полиция қызметкерлері жүргізушіден жүк салғышты ашуды талап еткен. Өз кезегінде, автокөлік жүргізушісі және жанында отырған 2 "Охотзоопром" ӨБ РМҚК қызметкерлері полицейлердің талаптарына бағынудан бас тартып, оқиға орнынан автокөлікпен бой тасалаған. Одан кейін полиция қызметкерлері қашқан автокөлік артынан жүріп отырып оларды "Охотзоопром" тұрағында ұстаған.