Ақбөкендердің ауыл шаруашылығына келтірілген залалы 12 млрд теңгеден асады

390

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев хабарлады. 

Ақбөкендердің ауыл шаруашылығына келтірілген залалы 12 млрд теңгеден асады Фото: Inbusiness.kz

Министрдің сөзінше, биологиялық негіздемеге сәйкес ақбөкендер санын реттеудің екі түрі ұсынылған. Біріншісіне корал әдісі жатады. Оған сәйкес желілер орнатылып, іс-шараның өзі әдетте күндіз жүргізіледі. Екіншісіне түнгі уақытта ату жатады, деп жазады inbusiness.kz.

“Біз бірінші жолды таңдадық. Алайда ауа-райының қолайсыздығы, көлікті тиімді пайдаланбауға байланысты екінші әдісті жоспарладық. Олардың санын реттеу қажет. Бүгінде ақбөкендердің саны тарихи көрсеткіштерден асып түсті. Бұрын жұт пен құрғақшылық салдарынан жайылымдар нашарлап, жем-шөп болмады. Бұдан басқа аурулар да болды. Қазіргі таңда популяция саны өсіп, ауыл шаруашылығына зиян келтіріп жатыр. Біз 12 млрд теңгеден астам шығын туралы айтып отырмыз. Бүгінде 90-нан астам басты ұстадық”, - деді ведомство басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу