Әкімдік жарықтың сөнуінің мән-жайын айтты

783

Елордада жарықтың сөніп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.  

Әкімдік жарықтың сөнуінің мән-жайын айтты

Елордада жарықтың сөніп қалу оқиғасына байланысты брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"10 қараша күні сағат 03:50 минутта 101 қызметіне хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, Сығанақ көшесі, 12-үйдегі 5 метр электр кабелі жанып жатқаны анықталды. Оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылып, аварияны жою жұмыстары белсенді жүргізілді", – Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдай департаментінің өкілі Райымбек Әлімғазыұлы.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Бәзіл Дүйсенбекұлы дәл қазіргі уақытта қаладағы барлық нысандарға жарық берілгенін жеткізді. "Арнайы топ екі күн жұмыс істеп, аварияның салдарын толық жойды. Қазіргі уақытта ғимараттар мен көп қабатты кешендердің барлығына электр қуаты берілді. Тек "Бәйтерек" монументі мен Москва бизнес орталығы жарты сағаттан кейін электр қуатына қосылады", – дейді Бәзіл Дүйсенбекұлы. Кабельдік желілерді қалпына келтіру үшін 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырған болатын. Құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу