Әкімдіктер шұғыл шығындарға арналған резервке 38,1 млрд теңге бөлді

812

Ақмола облысындағы Шағалалы өзенінің бассейнінде ылғал қоры қалыпты жағдайдан 54%-ға, Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзенінің бассейнінде 50%-ға және Ақтөбе облысындағы Ілек өзенінің бассейнінде 39%-ға артық.

Әкімдіктер шұғыл шығындарға арналған резервке 38,1 млрд теңге бөлді

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді, қар еріген кезде біртіндеп транзиттік жұмыс режиміне көшеміз. Бұл келетін суды шоғырландыруға және оны көктемгі су тасқыны кезеңінде кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді", – деді Юрий Ильин.

Министрдің мәлімдеуінше, алдағы уақытта "Көктем-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Ім барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің әзірлігі тексеріледі. 

"Соңғы 4 жылда 315 елді мекенде су басу қаупі толығымен жойылды, 314 елдімекенде қауптің алды алынды. Биыл ел бойынша әкімдіктер төтенше резервтер мен шұғыл шығындарға арналған резервке 38,1 млрд теңге бөлді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу