Әкімдіктер тасқыннан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге бюджеттен 48,7 млрд теңге сұрап отыр

216

Оның ішінде 39,8 млрд теңге бөлінуге дайын, сәйкес құжат Қаржы министрлігіне жіберілді. 

Әкімдіктер тасқыннан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге бюджеттен 48,7 млрд теңге сұрап отыр Фото: ТЖМ

Қаражат автомобиль жолдарын, электр жүйелерін қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды жөндеуге бағытталады, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты.

"Үкімет су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Шамамен 67 мың адам өз үйлеріне оралды. Эвакуациялық пунктердегі 3664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Су тасқаны басталғалы бері барлығы 12086 тұрғын үй мен 7380 баспана, саяжай құрылыстары су астында қалды. Жалпы зардап шеккен өңірлерде 18228 тұрғын үй (94%) зерттелді, 15651 нысан бойынша бағалай аяқталды (81%)", - деді ҚР Премьер-министрі орынбасары Қанат Бозымбаев. 

Қазір зерттеу қорытындыларына сәйкес, 9306 баспананы қалпына келтіруге болады, 8190 баспана қалпына келтірілмейтін санатқа жатқызылып, олар бойынша қайталама нарықтан 5714 баспана сатып алу және 2506 типтік жобада баспана құрылыстары жоспарланған. Жалпы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет. 

"Қазір 6176 отбасы жалпы сомасы 40 млрд теңгеге баспана жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Зардап шеккен аймақтарда бүгінде 3414 отбасы қираған үйдің орнына жаңа баспана мен пәтер сатып алынды немесе өтемақы төленді. Зардап шеккен азаматтарға арналған 2500 жаңа баспана құрылысы жүргізіліп жатыр", - деді спикер. 

33321 отбасы 12 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде бір жолғы төлем алды. Бұл жұмыс Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарында толық аяқталды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарында төлемдер әлі жүргізіліп жатыр. Бағалай аяқталғаннан кейін зардап шеккен тұрғындарғы 150 АЕК мөлшерінде жоғалған не қажетті заттарды сатып алу үшін қосымша өтемақы төленеді. 15355 отбасы өтемақы алды. 

Мал шығыны үшін мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты. Зардап шеккен бизнес келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар басталды. Қазір өңірлік комиссия ШОС субьектілерінің жалпы сомасы 833 млн теңгеге 124 өтінімді қарады және мақұлдады. Жалпы алдын-ала бағалау бойынша 24,1 млрд теңге сомасында 797 ШОС субьектілері зардап шекті. Осы нысандар бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алдын-ала бағалау бойынша, әкімдіктердің өтінімдеріне сәйкес инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін үкімет резервінен 48,7 млрд теңге қажет — қаражат автомобиль жолдарын, электр жүйелерін қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды жөндеуге бағытталады. Бүгін 39,8 млрд теңгеге жобалар дайындалып, құжат Қаржы министрлігіне ұсынылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу