Ақмола облысының полициясы Түркия азаматын теміржолдан өту кезінде ережені бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автомобиль жолының 71-шақырымында Түркияның 34 жастағы азаматы тізгіндеген "Mercedes" көлігі күзетілмейтін теміржол өткеліндегі бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан, жолды кесіп өтпек болған. Нәтижесінде маневрлік локомотив машинисі машинамен соқтығысқан.
Осыған байланысты Түркия азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 610-бабы 1-бөлігі ("Адамдардың денсаулығына зиян келтіру, көлік құралдарын немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеліп соқтырған көлік құралдары жүргізушілерінің жол ережесін бұзуы") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.