Апат 18 қазанда "Екатеринбург - Алматы" тасжолында Ақмола облысының Жақсы ауылына жақын жерде орын алды.
"Мерседес Бенс" көлігін тізгіндеген 1970 жылы туған азамат (Сандықтау ауданының тұрғыны) қарсы жолаққа шығып кетіп, Қостанай облысының тұрғыны басқарып келе жатқан "Тойота Камри" маркалы көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан "Мерседес Бенс" көлігінің жүргізушісі, "Тойота Камри" көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", – деп хабарлады Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі.
"Тойота Камри" көлігінің жүргізушісі Жақсы аудандық ауруханасына жеткізілді.
ҚазАқпарат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу