Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды

350

Қызметкер 6 мың вольтты электр тоғына түскен.

Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды Фото: inbusiness.kz

10 қазанда Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған 56 жастағы қызметкердің экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, 6 мың вольтты электр тоғына түскені белгілі болды.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі бойынша ("Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары белгіленіп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу