Ақмола облысындағы жарылыстан жарақат алған 10 жастағы қыз қайтыс болды

859

Бүгінде 2 ересек жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр.

Ақмола облысындағы жарылыстан жарақат алған 10 жастағы қыз қайтыс болды

Нұр-Сұлтандағы ауруханада газ баллонының жарылуынан жарақат алған 10 жастағы көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, 22 қараша күні, кешке Шортандыда газ баллонының жарылуынан жарақат алған 2011 жылы туған қыз қайтыс болды. Оның жүрегі тоқтап қалды", – деді қызметкер.

Ол қыз елордадағы ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілгенін айтты.

"Қыз бірден реанимация бөліміне жатқызылды. Себебі оның жағдайы өте ауыр болды. Денесінің 60%-ын күйік шалған, ол комада болды", – деп жазылған департамент таратқан хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде Нұр-Сұлтандағы көпсалалы ауруханасының реанимация бөлімінде жарылыстан зардап шеккен 2 ересек ауыр хәлде жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін жарылыстан зардап шеккен 13 жастағы бала қайтыс болған еді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды ауданында болған. Үйдегі газ баллоны жарылуы салдарынан 3 адам қаза тауып, 10 адам зардап шеккен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу