Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

345

Оқиға 18 наурыз күні таңғы сағат 07:00 шамасында Екатеринбург-Алматы тас жолында орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Астанаға қарай бағыт алған Hyundai Sonata көлігінің 30 жастағы жүргізушісі өзімен қатар келе жатқан "ГАЗель" жүк көлігімен соқтығысқан.

"Апат салдарынан Hyundai Sonata көлігіндегі жолаушы қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алды. Олардың екеуі Hyundai Sonata көлігінің жолаушысы және 37 жастағы "ГАЗельдің" жүргізушісі. Жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын басқарған адамдардың көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Аталған жол апатына байланысты полиция барлық көлік жүргізушілерінен жолдарда өте сақ болуды және жолға шықпас бұрын жақсылап демалып алуды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу