Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның айтуынша, қытайлық компаниялар идеяларды ұрлайды деген қауіп америкалық кәсіпкерлерді кірістен айырып отыр. Ол елдің серіктестері мен жақтастарын Huawei компаниясын 5G ұялы байланыс жүйесін құруға қатыстырмауға шақырды. Бұл туралы ол АҚШ-тың Мемлекеттік департаментің сайты жарияланды.
"Қытаймен серіктес бола аламыз, бірақ біз бірнеше мәселені есте ұстауымыз керек. Әсіресе ұлттық қауіпсіздік",– деді Помпео.
Оның ойынша, қытайлық компаниялар америкалық компанияларға қауіп төндіріп қана қоймай, экономиканың инновациялық секторына да айтарлықтай кесірін тигізбек.
Табиғат Нұрболат