Қазір Франция бірқатар америкалық цифрлық компанияларға қарсы саясат жүргізуде. Бұған жауап ретінде ресми Вашингтон құны 2,4 млрд болатын франциялық тауарларға 100 пайыздық мөлшерлеме бойынша баж салығын салуды көздеп отыр. Бұл туралы АҚШ-тың сауда өкілдері хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айының ортасында Франция парламенті Amazon, Apple, Facebook пен Google сияқты алпауыт компаниялардың қызметіне салық салу туралы заң қабылдаған болатын.
АҚШ сауда өкілінің айтуынша, ресми Париж бұл заң арқылы америкалық компанияларды алалап отыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу