Сот Tesla-ға Берлин маңындағы зауыт құрылысын жалғастыруға рұқсат етті

661

Кәсіпорын 2021 жылы іске қосылады. 

Сот Tesla-ға Берлин маңындағы зауыт құрылысын жалғастыруға рұқсат етті

Берлин мен Бранденбургтің жоғарғы әкімшілік соты осындай шешім қабылдап отыр. Бұған дейін америкалық компанияның Берлин маңындағы зауыт құрылысына дайындық жұмыстарын жүргізуге қарсы қуыным жасалған еді. 

"Қарсы болған Бранденбургтің Жасыл лигасы және ландшафт пен биоалуантүрлілікті қорғау одағының өтініші қабылданбайтын болып шешілді", – делінген соттың баспасөз хабарламасында. 

Сот қаулысына сәйкес, дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға жеткілікті барлық заңды шарттар орындалған екен. Айта кетейік, америкалық Tesla компаниясының Еуропадағы алғашқы зауыты Бранденбургтегі Грюнхайдеде 302 гектар жерге салынбақ. Өткен жылдың желтоқсан айында Бранденбург үкіметі мен Илон Масктің корпорациясы құны 41 миллион еуро тұратын жер телімін сату туралы келісім-шартқа қол қойған болатын. Кәсіпорынның осы ауданда салынатынын қараша айының ортасында Илон Масктің өзі жариялады.  

Германияда бұл компания батареялар, қозғалтқыштар мен электр қуатымен жүретін көліктердің өндірісімен айналыспақ. Қазан айында корпорация өкілдері зауыт өз жұмысын 2021 жылы бастайтынын мәлім етті.Ресми мәліметтерге сүйенсек, кәсіпорынға 8-10 мың қызметкерді жұмысқа алу көзделіп отыр екен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу