АҚШ-ың негізгі қор индекстері сәрсенбіде, Федералдық резервтік жүйенің қарашадағы екі күндік отырысы қарсаңында төмендеп кетті, сонымен бірге S&P индексі 2011 жылғы қарашадан бері алғаш рет жеті сессия бойы төмендеп барады, деп жазады РИА Новости.
Dow Jones өнеркәсіптік индексі 0,43% —17959,64 пункке дейін, NASDAQ жоғарытехнологиялық компаниясының индексі 0,93% — 5105,57 пункке дейін, S&P 500 кең нарығының индексі 0,65% — 2097,94 пункке дейін азайды. WTI маркалы жеңіл мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері Нью-Йорк биржасында (NYMEX) 2,64%-ға, барреліне $45,44 дейін құлдырады. Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсанда жеткізілетін фьючерстері барреліне 2,31%-ға, $47,03-ға дейін түсіп кетті.