Нью-Йорк қаласының соты Мұхтар Әблязовке қарсы қосымша санкциялар салу туралы шешім қабылдады. Ол Алматы қаласы әкімдігі мен БТА банк адвокаттардың қызметіне жұмсаған 140 115,60 АҚШ долларын төлеуге тиіс. Әділет министрлігі осындай ақпарат таратты.
"2019 жылғы шілдеде Нью-Йорк соты М. Әблязовтің сот процесіне қатысудан және дәлелдемелерді ашудан бас тартқаны үшін қосымша санкция салу туралы Алматы қаласы әкімдігі мен БТА банктің өтінішін қанағаттандырды. Сондай-ақ, Сот алдағы алқа билердің қатысуымен өтетін қорытынды сот процесінде М. Әблязовке өзін ақтау үшін жаңа дәлелдемерді ұсынуға рұқсат бермеуді ұсынды. Бұл санкция М. Әблязовтің өз кінәсін дәлелдейтін дәйектерді жасырғаны туралы алқа билер сотына берілген нұсқаулық болып табылады. Сот Талапкерлердің осы процесте өз мүдделерін қорғау жолында жұмсаған шығындар туралы дәлелдерін назарға алып, 2020 жылдың 7 ақпанында М. Әблязовтен 140 115,60 АҚШ долларын өндіріп алу туралы шешім шығарды", – делінген Әділет министрігі тартқан мәліметте.
Сот шешімі бойынша, М. Әблязов аталған ақшаны 2020 жылдың 7 мамырына дейін төлеуі керек.