АҚШ Таулы Қарабаққа қаражат бөледі

562

Майк Помпео тараптарды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Минск тобымен жақын арада келіссөздер жүргізуге шақырды. 

АҚШ Таулы Қарабаққа қаражат бөледі

АҚШ Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде зардап шеккендерге 5 миллион доллар жұмсамақ.  Қаражат Қызыл Крес халықаралық комитеті мен басқа да үкіметтік емес ұйымдарға беріледі. Бұл туралы Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео хабарлады.

Гуманитарлық көмек азық-түлік және үй-жаймен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуге бағытталады. Помпео аймақтағы әскери әрекеттердің тоқтағанын құптап, тараптарды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Минск тобымен арадағы келіссөздерді жандандыруға үндеді. 

Еске сала кетсек, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге келген еді. Мәміле бойынша Әзербайжан мен Армения әскерилері өз позицияларында қалып, Таулы Қарабақтағы шектесу сызығы мен Лачинский дәлізінің бойына ресейлік бітімгер әскерилері орналастырылды. Әзербайжанға Агдамский, Газахский, Кельбаджарский, Лачинский аудандары қайтарылған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу