АҚШ-тағы Теннесси штатының губернаторы орман өртінің өршуіне байланысты аймақта төтенше жағдай жариялады, деп жазады 24 Хабар.
Тілсіз жаудан 10 адам көз жұмған. 400-ден астам ғимарат күлге айналды. 14 мың тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілген.
Айта кеткен жөн, қуаңшылық кесірінен АҚШ-тың Теннесси, Джорджия және Солтүстік Каролина штатында бірнеше күннен бері дала өрті өршіп тұр. Мамандар тілсіз жауды алдағы күндері жауатын жаңбыр да сөндіре алмауы мүмкін дейді. Теннесси губернаторы бұл соңғы жүз жылдағы ең күшті орман өрті деп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу