Ақтаудағы "Ақбота" саябағында тұрғындарды арбамен алып жүретін жылқы зорығып құлады.
Белгілі болғандай, 14 маусым кешкі сағат 19.00-де арбаға жегілген ат түн ортасына дейін тұрғындарды серуендетіп, көңілін көтеріпті. Күннің ыстығын көтере алмай, үздіксіз жұмыстан әбден болдырған ат есінен танып қалады.
Куәгерлердің айтуынша, сол маңайда жүргендер дереу көмекке ұмтылып, жануарға су бүркіп, жүген-ноқтасын шешіп, барынша көмектескен. Жылқы 40 минуттан кейін ғана тіршілік нышанын байқатып, қимылдай бастайды.
Оқиға орнына келген полицейлер жиналып қалған көпшілікті таратып жіберген. Аттың иесіне қарсы қандай да іс қозғалғаны жөнінде әзірге ешқандай мәлімет жоқ.
Құралай Қуатова