Ақтауда сүңгуірлер Каспий теңізін тазартты

671

Жыл сайын су түбінен қоқыс тонналап шығады.

Ақтауда сүңгуірлер Каспий теңізін тазартты

Ақтауда халықаралық Каспий күніне орай дәстүрлі "Таза Каспий – таза жүрек" шарасы болып өтті. Шара аясында жиырма сүңгуір екі топқа бөлініп, қаланы 4 "а" ықшамауданынан бастап "Самал" қонақ үй кешеніне дейін тазалап шықты.

Сүңгуір Шамиль Темірханұлының айтуынша, олар теңіз түбінен үш тонна қоқыс алып шыққан. Адамдар жағада демалып, шомылғаннан кейін бөтелке, қақпақ сияқты ыдыс-аяқтар мен олардың қалдықтарын суға лақтыра берген. Бұдан бөлек, шірімейтін, арзан, сапасыз жіптерден тоқылып, балықтардың, соның ішінде, итбалықтың жүріп-тұруына кедергі келтіріп, тіпті кездейсоқ өліміне себепкер болып жатқан бірнеше ау құраллары мен торлар да анықталып, жинап алыныпты. Каспий теңізінен жиналған қоқыс-қалдық "I love Aktau" белгісінің қасына жиналып, жойылуда. 

Өкінішке қарай, биылғы карантин су түбін көптеп-көмектеп тазалауға мүмкіндік бермей тұр. Былтырғы дерек бойынша, 2019 жылы "Таза Каспий – таза жүрек" акциясына екі мыңға жуық адам қатысып, жүзден астам техника жұмылдырылған, соның нәтижесінде, үш жүз тоннаға жуық қоқыс шығарылған екен. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу