2016 жылғы 23 қарашада Ақтау қаласында Жібек жолы елдерінің арасындағы саудаға жәрдемдесу және жеңілдетудің Кедендік әкімшіліктердің 7-ші Халықаралық форумы жұмысын бастады.
Форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин, Түрік Республикасының Кеден және сауда министрлігінің вице-министрі Ремзи Акчын, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Грузияның кедендік қызмет басшыларының бірінші орынбасарлары, сондай-ақ "Ақтау" және "Баку" теңіз порттарының басшылары қатысуда.
Отырысты ашқан Ғосман Әмрин Қазақстан әлемдік экономикалық және интеграциялық процестердің тең құқылы қатысушысы ретінде халықаралық сауданың дамуына, бизнес саласындағы бәсекеге қабылеттіліктің жоғарлауына, кедендік органдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған белсенді шаралар атқарып жатқандығын атап өтті.
Форумда Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев сөз сөйледі.
Ол қатысушыларға аймақтың саудалық және тасымалдық әлеуеті туралы айтып берді. Нақты Ақтау теңіз порты мен салынып жатқан Құрық теңіз портының қазіргі және болашақтағы мүмкіндіктері туралы баяндады.
Жиынға қатысушылар өз елдерінің кедендік әкімшілендіруді оңтайландырудың түрлі механизмдерін қолданудың, Өкілетті экономикалық операторларды мойындау және алдын-ала ақпарат беру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Отырыстың бірінші бөлігін қортындылай келе, Госман Амрин Жібек олы елдерінің кедендік органдары кедендік процедураларды оңтайландыруға маңызды назар аударатындығын айтты.Бұл кедендік заңнаманы бірігейлендіру, өткізу пунктерін заманауи техникамен жабдықтаумен, сондай-ақ әлемдік саудаға жәрдемдесу бойынша кедендік органдардың белсенді іс-қимылымен байланысты.
Жиынның қортындысында Ақтау декларациясы қабылданады деп күтілуде.