"Ақтөбе" футбол клубы бас бапкерсіз қалды

1315

"Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы Артур Смағұлов команданың шетелде өткен алғашқы ОЖЖ-ның нәтижесіне көңілі толмай отыр.

"Ақтөбе" футбол клубы бас бапкерсіз қалды

"Ақтөбе" футбол клубы бас бапкерсіз қалды. Таяуда ғана келген Владимир Маминов клубтан кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

"Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы Артур Смағұлов команданың шетелде өткен алғашқы ОЖЖ-ның нәтижесіне қанағаттанбағандықтан серб маманымен келісімшарт жасамау туралы шешім қабылдады.

"Маусымның ресми ашылуына бір ай уақыт қалды, ал команда әлі жасақталмай жатыр. Селекция жұмысы өте нашар жүргізілді. Қазіргі уақытта команда дамымай жатыр, ойын өрнегі де көрінбейді. Мен шұғыл әрекет жасауға мәжбүр болдым", – деді Артур Смағұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу