Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды

783

Оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды

Магомед Адиев бірнеше танымал футбол клубтарда ойнады: "Анжи", ЦСКА, "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс".

Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, "Ахмат", "Анжи", "Чайка" командаларын жаттықтырды.

2021 жылы қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар қарағандылық ұжымды Қазақстан Кубогының финалына шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу