Ақтөбе облысының аумағында 20-22 қантар аралығында заңсыз мал сатып алу және ет өнімдерін тасымалдаумен айналысатын тұлғаларды анықтауға және есепке қоюға, сондай-ақ бұрын жасалған мал ұрлығын ашуға және оларға қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу іс-шара өткізілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 3 мал ұрлығы фактісі тіркеліп олар кезекші тәулікте ашылды.
Мал және ет өнімдерін тасымалдау кезінде жалпы 24 хаттама толтырылып, ветеринарлық қызметке жіберілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу