Ақтөбе облысында кеншілердің арызы қанағаттандырылды

802

Олардың жалақысы 25 пайызға өспек.

Ақтөбе облысында кеншілердің арызы қанағаттандырылды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты "Юбилейное" кенішіндегі жұмысшылардың айлық еңбекақысы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 25 пайызға өсетін болды.

Айта кетейік, 12 қаңтар жылына 400 мың тонна кен өндіретін мекеменің жүзге тарта жұмысшысы жалақыларын 50 пайызға көбейтуді талап етіп, жұмысты уақытша тоқтатындарын жариялаған. Дегенмен, жұмысшылардың қалған жартысы оларға қосыла қоймаған. Белгілі болғандай, "AltynEx Company" АҚ биыл жалақыны 15 пайызға өсіріп отыр екен. Бірақ, наразы топ оның жарытымсыз екенін, баға күн санап өсіп тұрған кезде күнкөрістің қиындап бара жатқанына шағымданған. 

Қазіргі күні екі жақ келісімге келіп, жұмыс қайтадан жүріп жатыр. ""AltynEx Company" тарапынан "Жұмысшылармен келіссөз жүргізіліп, жалақыларын қаңтар айынан бастап 25 пайызға көбейту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, кеніш жұмысшыларының жағдайын жақсартуға байланысты мәселелер де шешімін тапты" деп хабарланған. Мұның ішінде, айына 100 мың теңгеден аз жалақы алатын жұмысшылардың айлық табысы 30-45 пайызға көбейтілуі мүмкін. Сондай-ақ, келешекте өндіріс көлеміне байланысты да жалақы сомасы артып отырмақ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу