Ақтөбе облысында мектеп оқушылары мен студенттер қашықтықтан оқиды

337

Облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.  

Ақтөбе облысында мектеп оқушылары мен студенттер қашықтықтан оқиды Фото: Inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК облыстық филиалының мәліметінше, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні - 23-28 м/с жетеді.

Облыстың солтүстігінде 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен күшті жел байқалады. Қатты боран салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеулер қойылды. Қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды. Мектептер қашықтан оқыту жүйесіне көшті.

Сонымен қатар кейбір елді мекендер мен Ақтөбенің өзінде электр желілері үзіліп, кейбір аудандарда жарық сөніп, су беруде апаттық жағдайлар болды.

"Облыс тұрғындары мен қонақтарынан туындайтын келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, оның салдарын жою үшін барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Егер сіздерде жарық сөніп, судың тоқтауына қатысты мәселелер, басқа сұрақтарыңыз немесе қосымша ақпарат қажет болса, 109 телефоны бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыздар. Жаңалықтарды тек сенімді және ресми ақпарат көздерінен алыңыздар", - деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Молдағұлова атындағы әуежай ертеңге дейін жабылғанын жазғанбыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбеден ұшатын рейстер тоқтатылды. Ал, сырттан ұшып келетін әуе кемелері ақ түтекке байланысты қабылданып жатқан жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу