Ақтөбе облысында жасөспірімдер қылмысы 71%-ға төмендеді

1573

Осы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша облыс аумағында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың 71,4%-ға төмендегені байқалады.  

 Ақтөбе облысында жасөспірімдер қылмысы 71%-ға төмендеді

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде болу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын өткізу фактілерінің жолын кесу мақсатында Ақтөбе облысының аумағында ювеналдық полиция инспекторлары күн сайын жергілікті рейдтік жұмыстар өткізеді.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.

Жергілікті рейдтік жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері ІІО-ға 896 кәмелетке толмаған жеткізіліп, оның ішінде 648-і кәмелетке толмаған заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін жеткізілді. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 41 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ІІО есебіне 137 жасөспірім және 112 тұрмысы нашар отбасы тіркелді. Жергілікті рейдтік жұмыстарды жүргізу барысында кәмелетке толмағандардан 13 тескіш-кескіш зат тәркіленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу