Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам мерт болды, 1 адам жарақат алды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, өткен түнде Самара-Шымкент тасжолының 1170 шақырымында рөлінде Қырғыз азаматы болған "Лада-21070" автомобилі тайғанап, қарсы жолаққа шығып кетіп, "Шевролет-Круз" көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан "Ладаның" 29 жасар жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, 1 адам аудандық ауруханаға жеткізілген.
Аталған фактіге қатысты қазір тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу