Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаров жол апатында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

808

Ақтөбе облысының әкімі "Ақтөбе-Астрахань" автожолында жол апатынан қайтыс болғандардың отбасына және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.  

Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаров жол апатында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты Фото: gov.kz

Сонымен қатар Асхат Шахаров марқұмдардың отбасына көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қайтыс болған жандардың туған-туыстарына әкімдік атынан және өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Бүгінгі жол-көлік апаты салдарынан сегіз адам қайтыс болды. 3 адам түрлі жарақат алды, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Ауруханада ем-домын жалғастырудан өздері бас тартқан. Жолға шығатын көлік жүргізушілері, жолаушылар жол ережесін сақтап жүруі тиіс. Құзырлы органдар ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту керек", - деді Асхат Шахаров.

Осы орайда өңір басшысы кешегі оқиғадан қайтыс болғандардың отбасына, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді және оқиғаның себебін анықтауды жауапты лауазымды тұлғаларға тапсырды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу аясында жол-көлік апатының себептерін және онда қаза тапқандардың жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, кеше 6 наурызда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Сағашилі ауылының тұсында жол апаты орын алып, 8 адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу