Ақтөбе облысының білім басқармасына жаңа басшы келді

1817

Алайда бұрынғы бас педагог орнына басқа адам тағайындалғанын ауруханада жатып білген.

Ақтөбе облысының білім басқармасына жаңа басшы келді

Ақтөбе облысында денсаулығына байланысты емделіп жатқан шенеуніктің орнына басқа адам тағайындалған. Бұл жөнінде мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желі арқылы біліпті, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.   

Ақтөбе облысы білім беру басқармасының сайтында 2021 жылдың 2 наурызынан бастап оған Батырхан Нұрлан Жолдасұлының басшы болып келгені жайында жазылған. Бұған таңданыс білдірген көпшілік өңірдің бұған дейінгі бас педагогы Ләззат Оразбаеваның қайда кеткеніне қызығушылық білдірген. Себебі, осының алдында ғана оны микроинсульт диагнозымен жедел жәрдем алып кетіп, ауруханада ем алып жатқан болатын. 

Мереке қарсаңында әлі де өзінің денсаулығын күтіп отырған экс-басшымен сөйлесу мүмкін болады. Ал жергілікті журналистерге берген сұхбатында ол "Мен өзімнің қызметтен босағанымды интернеттен оқып, таң қалдым. Маған жазылып шыққаннан кейін кетуім керектігін айтса да өз еркіммен кетер едім, қазіргі күні денсаулығымнан артық ештеңе жоқ. Мен басшы болып дүниеге келген жоқпын, ең алдымен, мен – педагогпын, бұл салада 31 жыл жасадым. Басқа жұмыс тапқан болар едім" деген пікірін айтқан. 

Айта кетейік, Ләззат Оразбаева облыстық білім беру басқармасының басшысы болып 2017 жылдың қараша айында тағайындалған болатын. Әйелдер мерекесі  қарсаңындағы "тосын сыйдың" жай-жапсары алдағы күндері белгілі болмақ. Әзірге бұрынғы шенеуніктің өзінің құқығын қорғау үшін қандай әрекеттер жасайтыны белгісіз.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу