Ақтөбеде 2016 жылы 3,4 млрд теңгеге 40 шақырым жол жөнделді

1123

Ақтөбеде 2016 жылы 3,4 млрд теңгеге 40 шақырым жол жөнделді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Ақтөбе облысында жол жамылғысын жөндеу кезіндегі технологиялық нормалар мен ережелерді сақтау тексеріліп жатыр. Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап strategy2050.kz хабарлайды.

2016 жылы Ақтөбе облысында көлік инфрақұрлымын дамытуға, соның ішінде республикалық деңгейдегі көлік жолдарын жөндеу мен қайта құруға 11,37 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат 169,9 шақырым көлік жолдарын жөндеу мен қайта құру жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы көше желісінің 40,4 шақырымдық көлік жолдарын күрделі және орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, өңірде жүргізіліп жатқан ауқымды жөндеу жұмыстарының сапасы көптеген ақтөбеліктерді толғандыратындықтан,  бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көтеріліп, әлеуметтік желілерде талқыланып жүр.

Аталмыш мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатаң бақылауында.  Бүгін өңір басшысы 2 – 16,5 шақырымдық "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" көлік жолында жүргізілген жұмыстың сапасын бағалады. Бас мердігер  "Ассана-ДорСтрой" ЖШС жөндеу жұмысын 2017 жылдың күзінде аяқтауды жоспарлап отыр. Күрделі жөндеу жұмыстарына 1,5 млрд теңге қарастырылған. Ағымдағы жылы 500 млн теңгесі игерілді. Жолдың төменгі негізгі қабаттары төселді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу