Ақтөбе облысында вакцина егу жұмыстарын жүргізетін медицина мекемелерінің тізімі жазылып, байланыс телефоны бекітілді. Кез келген тұрғын хабарласып, жағдайды біле алады.
"Бүгінге дейін Ақтөбе облысына 12700 доза бірінші, 12700 доза екінші компонент жеткізілді. Бүгін тағы 20 мың доза жеткізіледі. Облыс бойынша барлығы 10 мыңға жуық адам екпе қабылдады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазір медцина мекемелерінде вакцина егетін барлығы 34 пункт бар. Оның 14-і аудандарда, өзгесі қалада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу