Ақтөбеде алаяқ зейнеткердің 36 млн теңгесін алдап алып кеткен

538

Ақтөбелік зейнеткер әлеуметтік желі арқылы өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырған белгісіз біреуге 36 млн теңге ақшасын аударып жіберген.

Ақтөбеде алаяқ зейнеткердің 36 млн теңгесін алдап алып кеткен

22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы зейнеткерден арыз түскен. 

Зейнеткердің мәліметінше, әлеуметтік желіде танысқан ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленушіге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған.

Сондай-ақ ол зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген.

Аталған дерек бойынша алдын ала тергеу басталды. Полиция департаменті желідегі ақпаратқа сыни қарауға және мүмкіндігінше фактілерді тексеруге шақырады.

Күдіктіге он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігі және мүлкі тәркілену қаупі бар екендігі ескеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу