Ақтөбеде бұрынғы шенеунікке қатысты сот басталды

983

Ол бюджеттен бөлінген ақшаға өзіне көлік сатып алған.

Ақтөбеде бұрынғы шенеунікке қатысты сот басталды

Ақтөбеде қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіровке қатысты сот отырысы басталды. Оған бюджеттен 90 млн.теңгеден астам қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Тергеу кезінде анықталғандай, бұл қаражат жаңа жыл мерекесі қарсаңында қаланы безендіру үшін бөлінген. Алайда, 42 жастағы шенеунік оны шырша мен гирляндтарға жұмсамай, орнына 31 млн.теңгенің "Лексус" көлігін, пәтерінің жөндеуіне қажет құрылыс материалдары мен былғары кресло сатып алады. 

"Әубәкіров адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, жаңажылдық шараларды өткізуге жалған шарт жасасу арқылы және заңсыз мемлекеттік сатып алуды жүргізіп, кейін іс жүзінде орындалмаған жұмысқа мемлекеттік бюджеттен бөлінген аса ірі мөлшерде қаражаты иемденіп, талан-таражға салды деп айыпталуда", - дейді Ақтөбе қалалық сотының баспасөз хатшысы Махаббат Ешімова.

Жангелді Әубәкіровпен бірге сот алдында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімін басқарған Нұрлан Досов та жауап беруде. Белгілі болғандай, қаражат қолдан құрылған "қуыршақ" компанияға аударылып тұрған. Шенеуніктер бөлінген қаржыны өздеріне жаратып, қаланы демеушілер көмегімен безендірген. Әзірге сот процесі онлайн режимде өтуде, ал күдіктілер қолхатпен бостандықта жүр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу