Ақтөбеде "Қаңғыбас" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді

590

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ азаматтар жасаған сегіз қылмыс ашылды.

Ақтөбеде "Қаңғыбас" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді

12-14 қазан аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Қаңғыбас" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция бөлімдеріне белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 225 адам жеткізілді, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі  адам ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен үш адам табылды. Сондай-ақ іс-шара барысында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың жиналатын және түнейтін орындары анықталды, атап айтқанда 600-ге жуық жертөле, 423 кәріз люгі, 85 қараусыз қалған ғимарат, 591 шатыр, 259 қыстау, 57 қоқыс тастайтын жер, трассалар бойында орналасқан 102 ағаш отырғызу орны тексерілді.

Барлығы белгілі бір тұрғылықты жері жоқ азаматтар жасаған сегіз қылмыс ашылды, оның ішінде бес ұрлық, екі тонау және бір ұсақ ұрлық бар. Бұдан басқа жедел алдын алу іс-шарасы барысында ұрлық, алаяқтық және бұзақылық жасағаны үшін полициядан жасырынып жүрген 3 күдікті ұсталды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу