Ақтөбеде жол апатына ұшыраған автокөліктің ішінде оралдық мұғалімдер болған. Облыс орталығында олар емтихан тапсырып, жоғары білім туралы диплом алуы керек еді. Педагогтар Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқыды. Кейбіреулер еңбек демалысында, ал өзгелері өз есебінен бір күндік демалыс беру туралы өтініш жазған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық білім басқармасы.
Самара-Шымкент тасжолы бойында Ақтөбе облысы аумағында "Лада Ларгус" автокөлігі "DAF" жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам көз жұмды.
Ведомство мәліметінше, жеңіл көлікте Орал қаласының мұғалімдері болған.
"Педагогтар Ақтөбе қаласына диплом алуға бара жатқан. Олар өз өтініші негізінде еңбекақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан. Жол апаты салдарынан №47 орта мектептің педагог-дефектологы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ №5 орта мектептің логопед маманы мен Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Кейін олардың біреуі - сурдопедагог қайтыс болғаны жөнінде хабар келді. №9 орта мектептің педагог-дефектологы Ақтөбе қаласына басқа көлікпен барғандықтан, зардап шеккен жоқ. Оқиғаның жай-жапсары әлі анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.